
ИГІЛІККЕ ҰЛАСҚАН СЕНБІЛІК АЯСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНЫП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ
Бүгін ауданда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан республикалық “Таза Қазақстан” және облыс әкімінің “ТазаLike” экоакциялары аясында, көктемгі абаттандыру мен санитарлық тазалықтың екі айлығына сәйкес жалпыаудандық сенбілік өткізілді.
Игі іске ауданның еңбек сіңірген ардагері, қоғамдық кеңестің мүшесі Мұратхан Шүкеевтің бастамасымен Ш.Уәлиханов атындағы мектеп ауласына декоративті ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, бүгін “Жасыл аула” акциясы аясында 30-ға жуық тұрғын үй ауласына 150 түп жас ағаш көшеттері отырғызылып, 15 шақырым арық-атыздар тазартылды.
Одан бөлек, аудан басшысы Ернар Есіркепов Құлан ауылының абаттандыру, санитарлық тазалық және архитектуралық келбетін жақсарту мәселелерін қарап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірқатар жобаларды зерделеді.