ЕЛ АРАСЫНДА “МЫРЗАТАЙ” БРЕНДІМЕН ТАНЫМАЛ ІРІ ИНВЕСТОР АУДАН АУМАҒЫНДА ИНВЕСТЖОБА АСЫРУҒА НИЕТТІ

ЕЛ АРАСЫНДА “МЫРЗАТАЙ” БРЕНДІМЕН ТАНЫМАЛ ІРІ ИНВЕСТОР АУДАН АУМАҒЫНДА ИНВЕСТЖОБА АСЫРУҒА НИЕТТІ

ЕЛ АРАСЫНДА “МЫРЗАТАЙ” БРЕНДІМЕН ТАНЫМАЛ ІРІ ИНВЕСТОР АУДАН АУМАҒЫНДА ИНВЕСТЖОБА АСЫРУҒА НИЕТТІ

Аудан әкімі Ернар Есіркепов ел арасында "Мырзатай" брендімен танымал "Әулие-Ата Феникс" құс фабрикасының құрылтайшысы Фарида Амансарықызымен бірге аудандағы жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруға арналған жер учаскелері зерделеді.

Аталған ірі инвестор аудан аумағында инкубациялық жұмыртқалар өндірісі жобасын іске асыруға ниетті.

Осыған орай, Қайыңды, Құлан және Қарақыстақ ауылдық округтеріндегі қолайлы жер учаскелері ұсынылды. Алдағы уақытта инвестициялық жобаны іске асыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұл жоба сәтті іске асқан жағдайда ауданның экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет.