
АУДАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Ұлыстың Ұлы күніне орай Құлан ауылының орталық саябағында “Қош келдің, әз-Наурыз” атты салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиында ұлттық дәстүрлеріміз ұлықталып, татулық пен берекені дәріптейтін көріністер қойылды.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы бастамашы болған “Наурызнама” тұжырымдамасының мән-маңызына тоқталды.
Мереке аясында ұлттық ойындар, спорттық сайыстар, кітаптар көрмесі, театрландырылған көріністер ұйымдастырылып, наурыз көже таратылды.