МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары мен құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес барысында мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, түнгі рейдтік жұмыстардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ мектептердегі “Әкелер, аналар, қамқоршылық” кеңестерінің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар аудан басшысы тиісті тұлғаларға оқушылардың көктемгі демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру, Наурыз мерекесі күндерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар жүктеді