“ТҮРКСІБ” ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

“ТҮРКСІБ” ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

“ТҮРКСІБ” ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің “Темір жол вокзалдарын жаңғырту” тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылы Луговой ауылында орналасқан “Түрксіб” темір жол вокзалына күрделі жөндеу және нысан аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.

Осыған байланысты аталған жобаның сәулеттік тұжырымдамасын аудан әкімі Ернар Есіркепов тиісті тұлғалармен талқылап, нысанның тарихи және этникалық ерекшеліктерін сақтау, сәулеттік-архитектуралық үйлесімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи талаптарды ескеру мәселелерін айшықтады.