ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ 30 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ 30 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ЖАҢАРУ КҮНІНЕ ОРАЙ 30 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін – Жаңару күні. Бұл күн – өткенге ой жүгіртіп, келешекке кемел жоспар құрудың, жасампаз істердің бастауы болар символдық маңызы бар сәт.

«Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес, ағымдағы жылдың осы күні республика көлемінде ағаш отырғызу шаралары кең көлемде ұйымдастырылуда. Бұл бастама Наурыз мерекесінің табиғатпен үндестігін айшықтай отырып, Ұлыстың ұлы күнін жаңаша мазмұнда атап өтуге бағытталғандығын атап өткен жөн.

Аталған тұжырымдаманы іске асыру мақсатында бүгін ауданда 30 мың түп ағаш көшеті отырғызылып, өлкеміздің жасыл қорын арттыру, экологиялық тепе-теңдікті сақтау және табиғатты қорғау бағытында нақты әрі нәтижелі қадам жасалып отыр.

Оның ішінде ауданның зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлер, жастар, еріктілер қатысуымен Құлан ауылындағы орталық саябаққа сәнді талдар отырғызылып, ауласы тазартылды.

Тал егу – тек табиғатты көркейту емес, бұл – ел болашағына, ұрпақ саулығына бағытталған жауапты да игілікті іс.