АНА – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ: АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

АНА – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ: АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

АНА – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ: АУДАНЫМЫЗДА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін ауданымызда облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлының және де Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданынан келген ардагерлер, әкелер және аналар кеңестерінің төраға-төрайымдарының қатысуымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту және аналардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында «Ана – ұлттың айнасы» атты облыстық аналар форумы өтті.

Форум барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана мен балаға қолдау көрсету және отбасылық саясатты жетілдіру мәселелері талқыланып, бұл бағытта дамытуды қажет ететін бірқатар маңызды ұсыныстар сараланып, аудан әкімі Ернар Есіркепов аталған бағытта жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар аналарды марапаттады.

Жалпы бүгінде ауданымызда 3 173 көпбалалы ана бар, оның ішінде 673-і «Алтын алқа», 974-і «Күміс алқа» иегері, ал 5 019 ана зейнеткер. Бұл – аналарға көрсетілетін құрмет пен қолдаудың маңыздылығын айқындайтын көрсеткіштер екендігі анық.