Кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда ауданымызда 35 денсаулық сақтау мекемелерінде 871 маман тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасауда.

Ерен еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін!

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!

Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер!