Жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары

Жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары

Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізілді.

Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының       14-бабының 11-1)-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8-желтоқсандағы №104/806 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар кешені» негізінде жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинарында дәріс оқыды.

Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты бас есепшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Қатысушыларға «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының маманы «Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері, стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша сергіту сәті өткізілді.

№357 учаскелік сайлау комиссиясының ұйымдастырумен «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны» ұйымдастырылып, дәріскерлер жан жақты түсіндіру жүргізді.

Семинар соңында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыруға арналған тақырыптар аясында тестілеуден өтті.

Семинар соңында қатысқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне сертификаттар табысталды.

 

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы