2023 жылғы 5 қарашада өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Т.Рысқұлов ауданында Есіркепов Ернар әкім болып сайланды.

2023 жылғы 5  қарашада өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Т.Рысқұлов ауданында Есіркепов Ернар  әкім болып сайланды.

Есіркепов Ернар Серікәліұлы 1981 жылы 14 мамырда туылған.

Білімі жоғары.

🔹2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 

🔹Еңбек жолын 2003 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және бақылау жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған.

🔹2005-2006 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;

🔹2006-2009 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы;

🔹2009-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы; ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы; құжаттама және бақылау бөлімінің басшысы;

🔹2017-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

🔹2022 жылғы маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.