2023 жылғы 4 маусымда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Көгершін ауылдық округіне Бағылбеков Ернар Жанатұлы әкім болып сайланды.

2023 жылғы 4 маусымда өткен сайлаудың нәтижесі бойынша Көгершін ауылдық округіне Бағылбеков Ернар Жанатұлы әкім болып сайланды.

Бағылбеков Ернар 1990 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі жоғары.

🔹2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін “Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит есеп және аудит” мамандығы бойынша тәмамдаған.

🔹Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласында “Еуразиялық банкте" қаржылық кеңесші болып бастаған.
🔹2014-2015 жылдары Алматы қаласында "Азиялық несие қорында" талдаушы, болжам мен бағалау бизнесті дамытушы қызметінде;
🔹2016-2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде арнайы тексеруден өткенге дейін бас маман;
🔹2017-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
🔹2020-2021 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде
есеп және қаржы секторы;
🔹2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.