АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсуде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА                          Зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсуде

БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері 

 

Жыл сайын өсіп келе жатқан зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігін дәйектей отырып, қаржылық қауіпсіздік алаңын қалыптастыруда.  

 

2023 жылғы 1 сәуірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары бар. Жыл басынан бері ол 736 млрд теңгеден (немесе 5%) астам сомаға өсті.  Бұған зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс кіреді. 2023 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 487,4 млрд теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Зейнетақы жинақтарының өсуі, сондай-ақ, жыл басынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін 336,33 млрд теңгеге жеткен таза инвестициялық кірістің арқасында қамтамасыз етілді. Ол өткен жылдың көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңгеге немесе 14% артық.

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен құралған жинақтар 704,5 млрд теңгеге (немесе 5%) өсті.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 477 млрд теңгеге жетіп, 3 айда 7% ұлғайды. Жыл басынан бері ең көп өсім - 10,7% көрсеткен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтардың көлемі 3,9 млрд теңгеден асты.

 

2023 жылдың басынан бері зейнетақы жарналарының көлемі шамамен 487,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27% немесе 103,9 млрд теңгеге жоғары.  Айта кетейік, өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 27% (99 млрд теңге), МКЗЖ – 24% (4,5 млрд теңге), ең көп өсім ЕЗЖ бойынша 64% (194 млн теңге) өсті.  

 

Жыл басынан бері БЖЗҚ шамамен 98 млрд теңге төледі. Төлемдердің басым бөлігін жасына байланысты зейнетақы төлемдері  – 36,09 млрд (36,85%), тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – 34,4 млрд теңге (35,1%) құрады.

 

Ағымдағы жылдың 3 айындағы жасына байланысты төлемдер өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі осындай төлемдер көлемінен 35% асып түсті. Бұл алушылар санының көбеюі мен 2023 жылы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 5% индекстеуге де байланысты.

 

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 082 теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа айлық төлем – 29 372 теңге), ал ең жоғары төлем сомасы 742 692 теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі ең жоғары төлем – 707 326 теңге) құрады.

Сондай- ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 12,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,7 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 1,4 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 690,6 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 4,3 млрд теңге аударылды.

 

2023 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,15 млн бірлікке жетті. Оның 11 млн – міндетті зейнетақы жарналары,  МКЗЖ бойынша шоттар саны – 607 473 бірлік, ЕЗЖ есебі бойынша 367 543 ЖЗШ ашылды. Бұл ретте жыл басынан бері МЗЖ бойынша 52,7 мыңнан астам шот, МКЗЖ бойынша шамамен 14,4 мың шот және ЕЗЖ бойынша 9,5 мыңға жуық шот ашылды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).