Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды.

📍 Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Тараз» ӘКК басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бекітілу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

🔹 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі жыл басынан бері 2,0 пайызды (республика бойынша – 2,1%) құрады.

🔹 Форвардтық келісімшарт бойынша 1000 тонна пияз, 500 тонна картоп, 500 тонна қырыққабат, 1000 тонна сәбіз жеткізу жоспарлануда.

🔹 Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жүзеге асыру үшін 4000 тонна ұн, 50 тонна қарақұмық, 200 мың литр күнбағыс майы, 50 тонна күріш, 1 миллион дана жұмыртқа сатып алу көзделуде.

– Тұрақтандыру қорында «айналым схемасы» бойынша азық-түліктің жеткілікті мөлшерін қалыптастыру үшін қомақты қаржы қаралған. Баға өскен жағдайда тауарлық интервенцияны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар өнімдер жеткілікті. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында астық құны субсидиялануда, тұрақтандыру қорынан да наубайханаларға ұн беріледі. Әлеуметтік дүкендердің жұмысы басты назарда болуы тиіс. Бағаның төменділігі өнімнің сапасыздығын білдірмейді. Біз тұрғындарды жаңа және сапалы өніммен қамтамасыз етуге күш саламыз, – деді Нұржан Нұржігітов.

✅ Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жергілікті тауар өндірушілерден тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыру, апта сайын өтетін жәрмеңкелер туралы халықты кеңінен хабардар ету, сауда саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау жөнінде тапсырмалар берді.