Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру қаралды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру қаралды.

📍 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

🔹 Жамбыл облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 9500 оқушыға арналған 13 мектеп салу жоспарланған (Таразда – 4, Байзақ ауданында – 2, Жамбылда – 1, Қордайда – 3, Меркіде – 1, Шуда - 2).

🔹 Ағымдағы жылы құрылысы басталатын 8 мектеп 2024 жылы, 5 мектеп 2025 жылы (2024 жылы басталады) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, биыл Тараз қаласында 4 мектеп, Байзақ ауданында 2 мектеп, Қордай ауданында 2 мектептің құрылысы басталады.

🔹 Облыс әкімі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа форматтағы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен толық қамтылатынын атап өтті.

- Ұлттық жоба мектептердегі орын тапшылығын жоюға, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге бағытталған. Біздің мақсатымыз – балалардың жайлы жағдайда сапалы білім алуын қамтамасыз ету, - деді Нұржан Нұржігітов.