Бүгін Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстылық жағдайына қатысты, оның ішінде мал ұрлығы, алаяқтық және жол көлік оқиғасы қылмыстарының алдын-алу және жолын кесу бағытындағы өзекті мәселелерге қатысты құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мекемеаралық жиналыс өтті.

Бүгін Т.Рысқұлов ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстылық жағдайына қатысты, оның ішінде мал ұрлығы, алаяқтық және жол көлік оқиғасы қылмыстарының алдын-алу және жолын кесу бағытындағы өзекті мәселелерге қатысты құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мекемеаралық жиналыс өтті.

Жиын аудан прокурорының орынбасары Шыңғысхан Сайлаубекұлының және аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспеновтің төрағалығымен, ауылдық округ әкімдерінің және тиісті бөлім басшыларының қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Қылмыстылық жағдайы мен проблемалық мәселелерді
аудан прокуратурасының аға прокуроры Жолдасов
Ербол Ошанбайұлы баяндаса,
аудандағы қылмыстылық жағдайы (алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік
қылмыстары) мен оларды алдын алудағы атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде аудандық ПБ-нің бастығы Даулетқұлов Шалқар
Аяпбергенұлы кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ, мал ұрлығына қатысты профилактикалық іс-шаралар мен
жолын кесу бағытындағы ұсыныстар жөнінде аудан
әкімінің орынбасары Еспенов Ерғазы Жұмабекұлы және жол-көлік оқиғаларын алдын алу бағытындағы
профилактикалық іс-шаралар жөнінде аудан әкімінің
орынбасары Есеев Бауыржан Бақытжанұлы баяндады.

Ал, интернет желілері арқылы заманауи аляқтықтың жасалу
тәсілдерін алдын алу бойынша түсіндіру бағытында «Халық-Банк» АҚ Жамбыл облысытық филиалының Т.Рысқұлов
аудандық басқармасының бастығы Күлпаш Туржанова баян етті.

Жалпы өткен жылы 150 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Осы орайда, мал ұрлығының алдын алу үшін ағымдағы жылдың 16-20 қаңтары аралығында барлық 15 ауылдық округтеріндегі агрооқыту сабағында шаруашылық басшылары мен ауыл тұрғындарына өз иеліктеріндегі малдарын қараусыз қалдырмау және қауіпті учаскелерге жаймау туралы, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
​Қараусыз қалдырған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде 407-2 және 408-баптарында көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді.
​Сонымен қатар, мал ұрлығына қатысты профилакикалық іс-шаралар мен жолын кесу бағытында 2022-2023 жылдарға арналған барлық ауылдық округтерде шаруа қожалықтармен қараусыз қалған малдарды арнайы қамайтын орындардармен қамтамасыз ету үшін екі жақты келісім-шарт меморандумдары жасалынған.