Кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті

Кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен биылғы жылдың алғашқы кеңейтілген әкімдік мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы және 2022-2025 жылдарға арналған ауданның даму жоспарының орындалуы туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сапарбекова Ляззат Тәліпбекқызы баяндады.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Биғазиев Темірғали Нәдірұлы тоқталып өтсе, Көктемгі су тасқынының алдын алу барысы туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қадырханов Нұрболат Маратұлы баян етті.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Адилов Бақытбекұлы аудан аумағындағы сыртқы көрнекілік ақпарат құралдарының және үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың жай-күйі туралы баяндады.

Баяндамалардың барлығын мұқият тыңдап шыққан аудан әкімі Е.Есіркепов күн тәртібіндегі мәселелердің орындалуы басты назардан түспеуі тиіс екенін ескертті.

Талқылауға ұсынылған мәселелер бойынша қорытынды сөз сөйлеген аудан басшысы Ернар Серікәліұлы тиісті сала басшыларына әрбір белгіленген міндеттерді мерзімінде іске асыру жөнінде қатаң талаптар қойып, ескертулер жасады.