Облыстық сайлау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен семинар-тренинг

Облыстық сайлау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен  семинар-тренинг

Т.Рысқұлов ауданына арнайы сапармен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы
С.Айдапкелов және облыстық сайлау комиссиясының мүшелері келіп, ауқымды форматта
семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке облыстық сайлау комиссиясының мүшелері
С.Мәдиева, Т.Жамалов, М.Сембеков, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы
М.Тлепов бастаған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, округтік сайлау
комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары, учаскелік сайлау
комиссияларының төрағалары мен хатшылары, құқық қорғау саласы мен БАҚ өкілдері
қатысты.
Аталмыш жиында алдағы уақытта өтетін кезектен тыс сайлау науқанына дайындық
барысы және сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері, Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың ұсынылу
мен тіркелу тәртібі, сайлау процессін ақпараттандыру және сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстарын ұйымдастыру және сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді,
коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы түсіндіру
жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы жиында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының
орынбасары С.Мәдиева, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Т.Жамалов,
М.Сембеков кеңінен сөз қозғап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңынан баяндамашылар
семинар-тренингке қатысушыларды толғандырған сауалдарға жауап беріп, маңызды
ақпараттар мен өзгерістерді ел назарына ұсынды. Ал облыстық сайлау комиссиясының
төрағасы С.Айдапкелов болса, аталмыш науқанның маңыздылығы жоғары екенін атап
өтті.