«Қар көшкіні-2022» оқу-жаттығуы өткізілді

«Қар көшкіні-2022» оқу-жаттығуы өткізілді
Ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен бірлесіп, «Казселденқорғау» ММ Жамбыл облыстық жедел басқармасы «Қазавиаспас» АҚ-ның тікұшағын тарта отырып , Т.Рысқұлов аудан аумағында қар көшкінінің (шартты түрде) салдарын жою бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу орны – Т.Рысқұлов ауданның «Қарақыстақ» шатқалы. Оқу-жаттығу барысында жедел-құтқару бөлімшелерінің іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдары пысықталды. Оқу-жаттығуға «ӨСжәнеАҚЖ» ММ-ң жедел-құтқару жасағының іздеу иті мен кинологиялық тобы жұмылдырылды. Жетуге қиын таулы аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы пайдаланылды. Сонымен қатар, оқиға орнынан жетіп зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсету және тасымалдау бойынша дағдылары қалыптастыру үшін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының Луговой трассалық медициналық құтқару пунктісінің жеке құрамымен реанимациялық көлігі оқу-жаттығуға тартылды.
Жалпы оқу-жаттығу кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қыймылдарын, қар көшкіні жағдайында іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында өткізілді.