Басты мақсат – өртке жол бермеу!

Басты мақсат – өртке жол бермеу!

Жамбыл облысы, т. Рысқұлов ауданы ауданы Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы №1 лицей мектебінің спорт залының шатыры шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Аталған жаттығу ға х1 лицей мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, Лугавой трасса медико спасательный бөлімшесі, жергілікті полиция бөлімшесі, Аудандық электр тарату бөлімі қызметкерлері де жұмылдырылды.
Оқу жаттығудың мақсаты аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша кездесуі ықтимал мәселелерді аға басшы және қатардағы жеке құраммен практикалық тұрғыдан машықтау, сонымен қатар өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өзге де қызметтермен, нысан персоналдарымен өзара әрекеттестікті арттыру болып табылды.
Жаттығу ойламасы бойынша өрт лицей мектебінің спорт залының электр сымдарырың қысқа тұйықталуынан шыққан. Шартты өрт алаңы 120 ш.метр құраған. Оқиға орнында штаб құрылып, 2 жауынгерлік участок тиісті өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жедел әрі сауатты атқарылған өрт сөндіру жұмыстарының нәтижесінде өрт жойылды және зардап шегушілер болған жоқ. Жаттығу соңында жеке құраммен оқу-жаттығудың нәтижесі талқыланып, ескертулер мен кемшіліктер айтылды жене де практикалық тұрғыдан білімдерін нығайтты. Иә, жаттығуың қиын болса, ұрыста қиындық тумайды деген тәмсілді естен шығармаған абзал.