Рысқұлов ауданында дәнді дақылдың әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды

Рысқұлов ауданында дәнді дақылдың әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды
Тұрар Рысқұлов ауданында жазғы дәндi дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл аудан диқандары астық өсiруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.
📌Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі. Биыл ауданда жалпы 136 671 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілген. Оның ішінде бидай 57015 гектар болса, 51670 гектары – арпа.
✅️Аудан бойынша 108 685 га алқап орылды. Әр гектардан алынған орташа өнім 18,3 центнерді құрайды. Жалпы ораққа 613 АШТӨ, 207 комбайн тартылды. Ал әр комбайн бір күнде 12,6 гектар алқаптан орып отырған.
📍Сонымен қатар, Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша 2022 жылы сүр (пар) көтеру және өңдеу жұмыстарының барысы 15 522 гектарға жоспарланып, қазіргі таңда аудандағы АШТӨ-і күздік бидай тұқымдарын аудандық тұқым зертханасына тексеруге өткізіп, тұқымның сапасын, өскіндігін тексертуде.
🔶️Тұқым түсетін егістік алқаптарды өңдеу жұмыстары аяқталуда.