Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қоғамдық қабылдау өткізді

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудандық “Nur Otan” партиясының филиалында азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді.

Тұрғындар тарапынан тұрғын-үй алу, тұрғын үй кезегі, кәсібін кеңейту үшін жер телімін алу, көше жолын жөндеу және ауыл көшелеріне есім беру сауалдармен қайырылды.

Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешім табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.