Аудан әкімі Е.Садырқұловтың ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Е.Садырқұловтың ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республикамыздың әр азаматы үшін Тәуелсіздік күні айтулы мереке.

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміз шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты.

Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.

Құрметті жерлестер!

Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Егемендік алған 30 жыл ішінде әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.

Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!

Жаңа ғасырда қайта түлеген Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Құрметпен,
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов