Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың құттықтауы

Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың құттықтауы

Құрметті қаржыгерлер!

Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1993 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, теңге – біздің ел мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, осы 28 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетіміздің нышанына айналған теңге Тәуелсіздігімізді нығайта түсті.

Теңгені қалыптастыру және нығайту жолында күн сайын біздің елдің қаржыгерлері – өз ісінің кәсіби мамандары ерекше үлес қосуда.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігі, көбінесе, Республиканың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының, тың жобаларды іске қосу жолында сәттілікке бастайды.

Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді.

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде, біздің аудан елдің жыл сайын экономикасы үдемелі дамып келеді.

Қымбатты қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздердің істеріңізге табыс тілеймін. Еліміздің, оның ішінде аудан экономикасының қаржылай ахуалының нығаюы жолындағы істеріңізге береке берсін.

Сіздерге шын жүректен табыс, жемісті еңбек, кәсіби табыс, қаржы ісіндегі тұрақтылық пен жаңа табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е.Садырқұлов