Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қоғамдық қабылдау өткізді

Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қоғамдық қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудандық “Nur Otan” партиясының филиалында азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді.

Тұрғындар тарапынан тұрғын-үй алу, тұрғын үй кезегі және “Дипломмен ауылға” жобасы аясында жәрдемақы алу мәселелеріне қатысты сауалдармен қайырылды.

Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз тарапынан қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешім табатынын және қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.