Бұл үшін не істеу керек?
Алдымен ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.
✅ Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз
✅Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз
✅Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз
✅Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз
✅Төлем түрін таңдаңыз
Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:
1️⃣пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi
2️⃣жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi
3️⃣жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні
4️⃣жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні
Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта біздің корпорациямыздың фронт-офисіне бару қажет.