2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек: өтініш, еркін түрде жазылған өмірбаян, сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерде нотариалды куаландырылған аудармасы бар көшірмелері, жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі, отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3*4 көлеміндегі екі фотосуреті. Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 орталығына хабарласуға болады.
Қандастар-Қазақстан тәуелсіздік алғаннай кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оарлған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.