«Еңбек түбі – зейнет»

«Еңбек түбі – зейнет»

Әрбір азамат жылдар бойы еңбектеніп оның рахатын көруді армандайтыны белгілі. Әсіресе зейнетке шығуға аз қалған жандарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жиі толғандыратыны анық. Бүгінгі таңдап алып отырған тақырыбымыз - Мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау қызметі жөнінде болмақ. Алдымен бұл қай жастан бастап тағайындалатынына тоқталсақ.

- Әйел адамдар үшін 58 жастан

- Ер адамдарға 63 жас толғанда

- Көп балалы аналарға, 5 баладан жоғары 53 жастан

Сонымен қатар бұл қызметті қалай алуға болады деген сауал көпшілікті мазалайтыны сөзсіз. Ол жайында сіздерге төменде баяндайтын боламыз.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау - Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

3) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

4) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат;

6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат.

Қызмет (ҚР азаматтарына) құны тегін және 10 жұмыс күнде көрсетіледі. ЭЦҚ-сы болған жағдайда, бұл қызметті www.egov.kzпорталы арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

Қосымша сұрақтарыңыз болса сіз кез келген халыққа қызмет көрсету орталықтарынан немесе 1414 нөмірі бойынша тегін кеңес ала аласыз.