1414 Бірыңғай байланыс орталығы жылдам жұмыс істей бастады

1414 Бірыңғай байланыс орталығы жылдам жұмыс істей бастады

2021 жылғы сәуір мен маусым аралығындағы кезеңде Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс сапасын жақсарту бойынша оң серпін байқалады. Call-орталықтың өткізу қабілетін арттыру үшін клиенттерден қоңырауларды ғана емес, аудио және бейне хабарламаларды да қабылдауға мүмкіндік беретін бірыңғай арналы платформаға өту жүргізілді. Клиенттердің қоңырауларын қабылдау пайызы 69-дан 92%-ға дейін өсті, оператордың жауабын күту уақыты 5 минуттан 48 секундқа дейін төмендеді.

ХҚО-лар соңғы апталарда алдын ала брондау бойынша азаматтарды қабылдауға оралды. Сондықтан call-орталыққа жүктеме артып, ағымдағы кезеңде операторлардың жауабын күту уақыты екі минутқа дейін ұзарды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары және eGov.kz электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша байланыс орталығына ай сайын 1,5 млн қоңырау келіп түседі. Сондай-ақ байланыс орталығының қызметкерлері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден мәтіндік хабарламаларды қабылдайды. Байланыс орталығының жұмысына барлығы 500-ге жуық оператор тартылған.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоңыраулар қабылдайды. Бұрын осы мәселелер бойынша 1411 қысқа нөміріне хабарласу қажет болатын.