Халыққа қызмет көрсету бөлімінің көрсеткіші

Халыққа қызмет көрсету бөлімінің көрсеткіші

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімінде 687 қызметтің  659  түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы ,629-Электрондық Үкімет порталы арқылы жүргізіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалы Тұрар Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінен 2021 жылдың маусымына дейін  17563  өтініш қабылданып, 16207 құжат берілді.Шалғай елді-мекен халқына қызмет көрсету мақсатында құрылған «ЖылжымалыХҚК» арқылы 50 шығулар жүзеге асырылып,3630 өтініш  қабылданды.Электронды түрде қызмет алуға насихаттау жұмыстары жүргізіліп,түсіндіру жұмыстарының нәтижесі Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 81652 қызмет көрсетілген. QR төлем  арқылы  325 құжат қабылданған.Автокөлікті Kaspi.kz қосымшасы арқылы тіркеу бойынша 57 құжат өтті.2021 жылдан бастап «Нәтиже»  азаматтардың өтініштерін қабылдаудың біріңғай орталығы» жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау бойынша қызмет түрі іске қосылды және де 2021 жылы бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері оңтайландырылып халық назарына  ұсынылған.

 

 

 

                                                                    «Азаматтарға арналған үкімет»

                                                         мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

                                                          Жамбыл облысы бойынша филиалының

                                                         Т.Рысқұлов аудандық Халыққа

                                                          қызмет көрсету бөлімінің басшысы

                                                          Н.Д.Быкыбаев