Кеше Т.Рысқұлов ауданы аумағында оқу жылының аяқталуына байланысты құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларға ұшырауының алдын алу мақсатында аудан әкімінің орынбасары, аудан прокуратурасының аға прокуроры, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, ауылдық округ әкімдері, полиция қызметкерлері, білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі бірлескен түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Жалпы рейдтік шараларға 120 қызметкер қамтылды.
Рейд барысында 15 ауылдық округте орналасқан жасөспірімдердің жиналуы мүмкін 15 ойын-сауық орындары, 5 компьютерлік (playstation) клубтары, табиғат аясындағы демалыс орындары зерделенді.
Іс-шара барысында заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген 10 оқушы анықталып, заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
Аталған түнгі рейдтік жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.