Аудан әкімі ҰОС ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Аудан әкімі ҰОС ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов Ұлы Отан соғысы ардагері Сүлейменов Асаубай атаны Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты.
Асылдың көзіндей ардагерге бір миллион көлеміндегі бір реттік төлем және сыйлықтар ұсынылды.
Ардагер соғыс даласындағы сәттері мен жүріп өткен майдан хикаяларынан естеліктер айтты.
Асаубай Сүлейменов ақсақал жау бомбасынан бүкіл ротадан жалғыз тірі қалып, госпитальға бір күн жүріп жаяу жеткенін, соғыс кезінде мүгедек атанып, теміржол батальонында қызмет атқарып, Берлинге дейін жеткенін әңгімелеп, сыр шертті.
Қазыналы қарияның елге айтар батасы да тілегі де біреу-бейбіт күн мен ашық аспан, елдің, ұрпақтың амандығы.