Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің жұмыс сапары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің жұмыс сапары

Т.Рысқұлов ауданына облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек жұмыс сапарымен келіп, ауылдардағы бірнеше нысандарды аралап, қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты. Бірінші кезекте Дәулет Жамаубайұлы аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевпен бірге Бірлес шағын орталықты және Малдыбай орта мектебінің жай-күйімен етене танысты. Аталған мектептердегі спортзалдың ұлдар мен қыздар киім ауыстыратын кабинетінің едендері 15-20см төмен түскеніне және оқу кабинеттері, оның ішінде кітапхана, спорт зал, асхана, шеберхана, акт залы, лабороториялық кабинеттер, жаңа модификацияланған кабинеттердің жетіспейтініне назар аударды.
Жұмыс сапары барысында Көгершін ауылында асарлатып салынып жатқан үйдің құрылысымен танысты. Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бастау алған бұл жобаның басты мақсаты – халықтың бірлігін арттыру, мұқтаж жандарға көмек беру екенін, өңірдегі әлеуметтік ахуалдың жақсаруына атсалысу қажеттігін ерекше атап өтті.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары ауд орталығындағы күрделі жөндеуді қажет ететін К.Бекебаев атындағы орталық стадион мен М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігермен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң Дәулет Жамаубайұлы аудан ардагерлерімен кездесіп, ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салада еңбек етіп, үлгі өнеге болып жүрген ардагерлерге алғысын жеткізді.
"Т.Рысқұлов ауданы Құлан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс барысы және "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің 2021 жылға арналған іс-шара жоспарының орындалу барысын түсіндірді.
Жұмыс сапары одан ары Құлан ауылындағы күрделі жөндеуден өткен Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде жалғасып, Каменка ауылындағы «Күншуақ» балабақшасының жай-күйін бақылап қайтты.
Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Мамытжанұлы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аудан көлемінде байламын таппай жүрген бірқатар мәселені облыс әкімі орынбасарының алдына ұсынды.