Жылжымалы медициналық кешен Тереңөзек ауылдық округіне келіп жетті

Жылжымалы медициналық кешен Тереңөзек ауылдық округіне келіп жетті

Т.Рысқұлов ауданындағы жылжымалы медициналық кешен Тереңөзек ауылдық округіне келіп жетті. Бұл жолы кешеннің құрамында түрлі салалы дәрігерлерден бөлек коронавирусқа қарсы екпе егу бригадасыда келген болатын. 100-ден аса ауыл тұрғыны вакцина қабылдап, дәрігерлердің қаралуында болды. Екпеден кейін барлық азаматтардың жағдайы қанағаттандырарлық, кері әсерлер тіркелген жоқ.