"Жомарт түлек" акциясы жалғасуда

"Жомарт түлек" акциясы жалғасуда

Т.Рысқұлов ауданында облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен қолға алынған "Жомарт түлек" жобасы өз жалғасын тапты. Басқосуда ауылдағы айшықты әрі маңызды мәселелер ашық айтылды. Осы күнге дейін түлектердің қолдауымен іске асырылған тірліктер, алға қойған мақсат-міндеттер межеленді. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов елімізге белгілі, түпкір-түпкірде, оның ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерде, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал жерлестерімізді туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарту, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолында өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған форумның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Жиын соңында аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы аудан көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып өтіп, осы күнге дейін жомарттық танытып, жобаға қатысқан түлектерге аудан әкімінің алғысхаты мен «Жомарт түлек» кәдесыйларын салтанатты түрде табыс етті.