Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысы өтті

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысы өтті

Күні кеше аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы - Ә.Терлікбаевтың төрағалығымен өткен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның» кезекті отырысында 6 мәселе қаралды. Оның ішінде 5 кәмелетке толмағандарға қатысты материал талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторының кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдермен жұмыстары жөнінде баяндамасы тыңдалды.

Есепте тұрған 11 жасөспірімнің және 21 сәтсіз отбасындағы 60 жасөспірімнің тәрбиесіне, тиісті мамандар мен ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, балалардың қараусыз қалуын болдырмауға, қорғалуына қатысты жұмыстарды күшейту, бала тәрбиесімен айналысушы мамандар мен ата-аналардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері қамтылған нормативтік-құқықтық актілер мен ресми құжаттардың тізімін қалыптастырып, олармен тиісті тұлғалардың танысып меңгеруін ұйымдастыру тиісті ұйым басшыларына тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінен түскен «Жаз кезеңіндегі балалар жарақаттары» деп аталатын ата-аналарға арналған жадынаманы ата-аналарға кеңінен таратып, түсіндіруді ұйымдастыру, «Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталып ұсынылған шаралар жиынтығын» әр сала өзіне қатысты бөлігінде сапалы, уақтылы іске асыру тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмамен жүктелді.

Барлық тапсырмалар мен ұсыныс-пікірлер комиссия хатшылығының бақылауына алынды.