ҚАРАСОРАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАСОРАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАСОРАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінде аудан аумағында «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін осыған сәйкес аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов, мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудан прокуроры Ілияс Тойшыбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімшесінің басшысы Абзал Сатыпалдиев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мадияр Қуанышбеков және облыс әкімі аппаратының Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Бақытжан Саданов қатысты.

Отырыста нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы бағытта атқарылған жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі, сондай-ақ «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысы талқыланды.

Кезектен тыс отырыстан кейін комиссия мүшелері Қорағаты және Ақниет ауылдық округтерінің құмды алқаптарында жүргізіліп жатқан жабайы қарасораны жою жұмыстарына қатысты.