Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы бойынша жиын өтті.
Жиында елді мекендердің санитарлық тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және арық-атыз жүйелерін тазалау жұмыстарының орындалуы қаралды.
Жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне белгіленген жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз ету, санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау және акция аясындағы жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.