Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен бірқатар нысандарды аралады.

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен бірқатар нысандарды аралады.

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен бірқатар нысандарды аралады.

Мемлекет басшысы айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Құмарық ауылдық округінде тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты өтініштері қаралып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі ауыз су мәселесінің толық шешілуін жеке бақылауына алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Көкдөнен ауылдық округінде салынып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигонының және Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Сондай-ақ, осал топтағы азаматтарға беріліп жатқан тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың тұрмыс жағдайымен танысты.