📢 Т. Рысқұлов ауданының тұрғындарына дауылдық ескерту!
Қазгидрометтің мәліметінше, 10–11 мамыр күндері Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Осыған байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар.
Су деңгейі қауіпті шектен асқан жағдайда, өзен жайылмаларында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті жолдарды су басуы мүмкін.
⚠️ Сондықтан тұрғындардан мына сақтық шараларын ескеруді сұраймыз:
· Төтенше жағдай қаупі туралы ресми хабарламаларды қадағалаңыз;
· Өзен арналарына, жыра-сайларға, көпір астына жақындамаңыз;
· Мал-мүлікті қауіпсіз жерге орналастырыңыз;
· Ауа райы нашарлағанда қажетсіз сапарлардан бас тартыңыз;
· Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару бөлімшелері дайындық режиміне келтірілді. Жолдар мен көпірлердің жай-күйі тұрақты бақылауға алынды.
Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз! Ақпаратты таратып, көршілеріңізге алдын ала ескерту жасаңыз.