КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Кәсіпкерлік және бизнес» тақырыбында конференциясы өтті. Конференция мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт - бағдар беру.
Аталған іс шараға «Атамекен» кәсіпкерлер қолдау палатасының Т. Рысқұлов ауданының филиалы басшысы Қ.Үскенбаев, бизнес – тренер Қ.Нұрходжаев және жеке кәсіпкер Б.Бидайшиев қатысты. Кездесу барысында қонақтар жастарға кәсіпкерліктің заңдылықтарын түсіндіріп, болашақта әр азаматтың табысты кәсіпкер болуына жол көрсетті. Сонымен қатар студенттердің әлеуметтік (WhatsApp, ZOOM ) желілер арқылы түскен сауалдарына жауап берді.