АУДАН ӘКІМІ ЛУГОВОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУТІГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кезекті кездесуін Луговой ауылдық округінің тұрғындарымен өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндап, ауылдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жалпы, аталған ауылдық округте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында негізгі мәселелер толық шешілген. Соңғы үш жыл ішінде округті дамытуға бюджеттен 494,4 млн теңге қарастырылып, бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.
Оның ішінде 7 көше асфальтталып, 12 көшеге жарықшамдар орнатылды, ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан бірнеше мәрте көтерілген Теміржолшы көшесіне дейінгі Құлан–Қорағаты жолы бойына жаяу жүргіншілер жолы салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудан басшысына көтерілген білім беру нысанын жөндеу, орталық көшені қайта жаңғырту, суағар жүйелерін қалыпқа келтіру, сондай-ақ электр желілеріндегі ақауларды жою мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу соңында Ернар Есіркепов 7 азаматты жеке 11 мәселелерімен қабылдап, оның 2-не түсіндірме берсе, 9 мәселе бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырып, түбегейлі шешілгенге дейін бақылауына алды.
Одан бөлек, халықпен кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселелер жергілікті жерге шығу арқылы зерделеп, шешу жолдарын пысықтады.