ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ ҚОРАҒАТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Президент Жарлығына сәйкес Қорағаты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан аумағында атқарылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Соңғы үш жыл ішінде аталған ауылдық округті дамытуға бюджеттен 480,2 млн теңге қарастырылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды.

Оның ішінде, инфрақұрылымды дамыту аясында шалғай жатқан Тойқұдық, Мамыртөбе және Аққайнар елдімекендері орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, Қорағаты станциясында құны 251,9 млн теңгеге 10 келушіге арналған жаңа медициналық пункт пайдалануға берілсе, Қорағаты ауылында ветеринариялық пункт бой көтеріп, ауыл шаруашылығы саласына қажетті жағдай жасалды.

Кездесу барысында тұрғындар егістікке артезиан суын шығару, спорт кешенін салу, әлеуметтік көмек көрсету және «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие беру мәселелерін көтеріп, аталған өтініш-тілектерге қолданыстағы заң аясында толық түсіндірме берілді.

Одан бөлек кездесуде аудан басшысы 15 наурызда өтетін Республикалық референдумның маңызына тоқталып, Жаңа Ата Заң жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп өтті.