
Т.Рысқұлов аудандық референдум комиссиясы жанынан құрылған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы референдум учаскелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында дауыс беруге арналған үй-жайлар орналасқан ғимараттардың кіреберістерінде пандустардың бар екені анықталды, сондай-ақ дауыс беру бөлмелері азаматтар үшін барынша қолжетімді болуы үшін бірінші қабаттарға орналастырылған.
Сонымен қатар дауыс беру орындарында:
✅ тактильді көрсеткіштер;
✅ тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, соның ішінде кресло-арбамен жүретін сайлаушыларға арналған қолжетімді жасырын дауыс беру кабиналары;
✅ мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықталған орындар (мониторлы компьютер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және ұлғайтқыш құралдар) қарастырылған.
✔️ Жалпы, аудан бойынша барлық референдум учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген.