
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасына қатысты аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізіп, құжатта көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме берді.
Кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам мен билік арасындағы маңызды байланыстырушы алтын көпір ретіндегі рөлі атап өтілді.
Қазіргі таңда аудандық «Құлан таңы» газетінің 2,5 мыңнан астам оқырманы, ал аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Құлан медиа» ақпараттық орталығының әлеуметтік желі парақшаларында 17 мыңнан астам жазылушысы бар.
Осы орайда, кездесуде қоғамдық пікірді қалыптастырудағы БАҚ-тың жауапкершілігіне назар аударылып, жергілікті баспасөзді және жалпы медиа саласын дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.