
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫ БАР АЗАМАТТАР АУДАН ХАЛҚЫНЫҢ 60 ПАЙЫЗЫН ҚҰРАЙДЫ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен 15 наурызға белгіленген Республикалық референдумға дайындық мәселелері қаралды.
Аталған референдум азаматтардың ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін саяси маңызы бар қадам.
Қазіргі таңда ауданда референдумға қатысуға құқығы бар 39 479 азамат тіркелген, бұл аудан халқының 60 пайызын құрайды.
Дауыс беру процесін ұйымдастыру үшін 35 референдум учаскесі белгіленіп, олардың барлығы заң талаптарына сәйкес толық дайындалған. Әлеуметтік осал және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға кедергісіз қатысуы басты назарға алынып отыр.
Сонымен қатар, кеңес барысында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су тасқындарының алдын алу, тұрғын үй кезегін өзектендіру және жылыту маусымының өту барысы сияқты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.