
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАРАТУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің аудандық электр желілерін тарату мекемесінің қызметкерлерімен өткен кездесуінде Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар аясында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамытудың мемлекеттік маңызы таныстырылып, бұл технологиялардың энергетика саласын интеграциялаудағы және ресурстарды тиімді басқарудағы рөліне назар аударылды.
Одан бөлек, ауданды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету және инженерлік желілерді жаңғыртудың өзекті мәселелері де қаралды.