
АУДАН БАСШЫСЫ ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан басшысы Ернар Есіркепов Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұстаздарымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасына қатысты кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ернар Есіркепов білім беру саласының өкілдеріне жаңа Ата Заң жобасындағы әлеуметтік бағыттағы толықтыруларды, адами капиталды арттыруды және жасанды интеллект дәуіріндегі басымдықтарды түсіндірді.