
АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ «ТАЗА СУ – 2014» МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов «Таза су – 2014» мекемесінің қызметкерлерімен кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын таныстырды.
Одан бөлек, кездесу барысында аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері қаралды.