
ЕРНАР ЕСІРКЕПОВ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Кеше аудан басшысы Ернар Есіркепов мәдениет саласының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасына қатысты кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған Конституция жобасында мәдениетті дамыту және ұлттық мұраны сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгендігі жеткізіліп, аталған саланың әлеуетін арттыру және даму бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.