Дүниежүзілік сайлау күні аясында Достық үйінде кездесу өтті.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Достық үйінде кездесу өтті.

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Достық үйінде Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Әлпейсов, «AMANAT» саяси партиясының Т.Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы Қ.Арыстанбеков, аудандық қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, ауған соғысының ардагерлері және жергілікті қауымдастық мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты –Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасында бекітілген жалпыға бірдей және тең сайлау құқығының маңызын ашу, сондай-ақ әрбір азаматтың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысу құқықтарын кеңінен насихаттау болды.

Жиын барысында сайлау комиссия мүшелерінің жұмысының ашықтығын, өткен және алдағы жоспарланған сайлау науқандарының өткізу барысы, сайлауға тұрғындардың қатысуы және халыққа сайлауды насихаттау мәселелері талқыланды.

Аталған дөңгелек үстел сайлау үдерісінің ашықтығын арттыруға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеруге және сайлаушы сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.